Қазақстан Президентінің Францияға мемлекеттік сапары аяқталды

фото: @aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Орли әуежайында Қазақстан Президентін ресми шығарып салу рәсімі өтті. Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Мемлекет басшысын Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню мен басқа да лауазымды тұлғалар шығарып салды.