ТМҰ саммитінде сегіз құжатқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында 8 құжатқа қол қойылды.
Алдымен дәл осы келелі жиынның декларациясы қабылданды. Кейін түркі әлемінің жасыл дамуына қатысты мәселелер қаралды. Келер жылы Бішкек қаласы ұйымның цифрлық астанасы болады. Сонымен қатар Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау және Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешімдер шығарылды. Бұдан бөлек ұйымның Бас хатшысы орынбасарларын тағайындау, Тұрақты өкілдер жөніндегі ереже және Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының тулары жөніндегі шешімдер қабылданды.
- Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;
- «Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім;
- Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;
- Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы шешім;
- Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;
- «Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже» туралы шешім;
- Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының тулары жөніндегі шешім.