ҚР ОСК делегациясы АҚШ-тағы сайлауға байқаушы ретінде қатысты

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы алғаш рет АҚШ-тағы сайлауға байқаушы ретінде қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Нұрлан Әбдіров бастаған топ АҚШ-тың Сайлауға көмек көрсету жөніндегі комиссиясының ресми шақыруымен барып, Мэриленд пен Вашингтондағы бірқатар сайлау учаскелерінде болған. Сапар барысында екі елдің орталық сайлау комиссиялары арасындағы алдағы жұмыстар пысықталды. Комиссия төрағасы Әбдіровтің айтуынша, Құрама штаттарда қолданатын кей технологиялар мен тәсілдер біздің жүйеден мүлдем бөлек. Мысалы, федералды деңгейдегі комиссия сайлауды қаржыландырумен айналысса, науқанды өзге топ өткізеді. «Сондай ақ АҚШ-та дауыс берудің электронды жүйесі кеңінен қолданылады және бұл тәсілдің де тиімділігі тыңғылықты зерделенбек», - дейді қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Әрине, біз бірсыпыра дүниені назарымызға алып жатырмыз. Әлі де көреміз деп ойлаймын. Өйткені штаттан штатқа айырашылықтары бар. Оқу жұмыстары да бұл жақта қолға алынған. Бізде де оқу жүйесі бар. Біз онымен шұғылданамыз. Сондықтан бұл жақтағы тәсілдерді біз ескереміз.