Қазақстан АМЛ және ИЫҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысты

Қазақстан Эр-Риядта Араб мемлекеттері лигасы және Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты.

Делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастап барған. Халықаралық жиын Палестина мәселесін реттеу және Ливандағы жағдайды тұрақтандыруға арналды.

Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастық ұйымының маңызын атап өтіп, қос ұйымның мүшелерін қақтығыстарды тез арада реттеу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге шақырды. Сондай-ақ қазақстандық дипломат Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан шыңдарында Ливанда және әлемнің басқа аймақтарындағы бітімгершілік миссияларына шабуылдар жасау, халықаралық және гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылуы екенін және оған жол бермеу қажеттігін баса айтты.