«Бишімбаев түрмеден қашып кетті» деген жалған ақпарат тарады
«Қуандық Бишімбаев түрмеден қашып кетті» деген әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр. Бұл жөнінде Қылмыстық-атқару комитеті хабарлады. Жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылады. Естеріңізде болса, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталған болатын.