Мемлекет басшысы Гвинея-Бисау президентімен кездесті
Мемлекет басшысының кезекті кездесуі Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Африка құрлығындағы елді маңызды серіктестің бірі ретінде атады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достық байланыс пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады. Президент Қазақстан – ашық әрі бейбіт саясат ұстанатын және аймақтағы ең ірі экономикасы бар ел екенін айтып, серіктестіктің перспективасы мол екенін жеткізді. Қазақстан мен Гвинея-Бисау географиялық тұрғыдан қашық орналасқанына қарамастан, ауыл шаруашылығы, логистика және ақпараттық-коммуникациялық технология салаларында ықпалдастықты дамытуға мүмкіндігі бар.