Қ. Тоқаев Финляндия президентімен кездесті

Бакудегі басқосудан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесті.

Келіссөзде екіжақты қарым-қатынас талқыланды. Атап айтқанда, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды бекіту қаралды. Қазақ басшысы Финляндия – Солтүстік Еуропа аймағы мен тұтас Еуропа Одағындағы сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктес деді. Сөйтіп, фармацевтика, өнеркәсіптік машина жасау және инженерия сияқты салаларда фин компанияларымен бірлесе қолға алған жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша Президенттер бір-біріне сапармен баруға келісті.