ҚР СІМ орынбасары Брюссельдегі Еуроодақ конференциясына қатысты
Ядролық қаруды таратпау туралы келісмшарт – дүниежүзінде қарусыздану бойынша басты құжат.
Бұл туралы Брюссельдегі Еуропалық одақ конференциясында еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді. Ол халықаралық шарттың жүзеге асырылуы әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды екенін айтты. БҰҰ, Еуроодақ, АҚШ, Қытай және басқа елдердің өкілдері де халықаралық шарттық-құқықтық базаның мәні зор екенін тілге тиек етті.
Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
- Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет. Еліміз қазір ядролық қарудан азат әлемді қалыптастыру жолында сындарлы саясат жүргізіп келеді. Конференцияда Биологиялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық агенттік құру мәселесі көтерілді. Мұны 2019 жылы біздің президентіміз ұсынған болатын. Ядролық қана емес, сондай-ақ химиялық, биологиялық, радиоактивті қаруды шектеу бойынша мәселелер әлі жетіп-артылады. Қазақстан осының бәріне белсенді түрде атсалысып жатыр.