«Алматы – Екатеринбург» жолында 7 адам қаза тапты
«Алматы – Екатеринбург» тасжолында көлік аударылып, оның жүргізушісі мен 6 жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ. Олардың екеуі – бала. Тағы бір 12 жастағы бала ауруханаға түсті.
Оның жағдайы орташа ауыр. Сол иығының сүйегі сынып, маңдайы жарақаттанған. Алдын ала болжам бойынша Құрма ауылының маңында Toyota Alphard жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай аударылған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жасқайрат Қайыров, Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы:
- 54 жастағы жүргізуші көліктің басқаруына ие бола алмай қалған. Toyota Alphard көлігі аударылып, өкінішке қарай, 6 адам қаза тапты. Жүргізушілер жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауын сұраймыз.