Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық кеңесінің төрағалығын Әзербайжанға тапсырды
Қазақстанның Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдермен тауар айналымы 5 пайызға өсіп, 82 млрд АҚШ долларына жетті.
Ел аумағында жұмыс істейтін 36 мыңнан астам компания капиталында жоғарыда аталған кеңестің үлесі бар. Бірлестік шеңберінде Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 1 млрд 600 млн АҚШ долларына тең. Бұл туралы бүгін Іскерлік rеңестің VII пленарлық отырысында айтылды.+СНХ
Райымбек Баталов, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі іскерлік кеңес басқармасының төрағасы:
- Қазақстан 2021 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес төрағалығын өзіне алды. 4 жыл ішінде біз айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Отандық шағын және орта кәсіпкерлік жоғарыда аталған кеңес елдерінің бизнесімен машина жасау, медицина, туризм, АӨК, ІТ, білім беру және логистика сынды экономиканың бірқатар секторын қамтып, қарқынды ынтымақтастыққа қол жеткізді.
Жиынға Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев та қатысты. Ол Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстанның көптеген азиялық елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамытуға стратегиялық мүмкіндігі бар екендігін баса айтты. Форум соңында Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағалығын Әзербайжан Республикасына тапсырды.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Министрлік отандық өнімдерді дамытуға баса мән береді. Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдаймыз, сертификат алуға жәрдемдесеміз. Экспорттаушыларға әлемдік сауданың жаңа талаптарына бейімделуге көмектесеміз. Инвестиция мен инновация саласындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз.