Қ. Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.