Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ Кеңесі аясында екі жақты кездесулер өткізді
Премьер-министр орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мальтада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы кеңесінің отырысында екіжақты кездесулер өткізді.
Жиын барысында Еуропалық дипломатия басшысы Кайей Калласпен ЕуроОдақпен серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Ұйымның сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын жеткізді. Отырыс аясында Мұрат Нұртілеу Армения, Австрия және Кипр сыртқы саясат ведомствосының басшылары Арарат Мирзоян, Александр Шалленберг және Константинос Комбоспен кездесті. Басқосуда екі жақты өзара іс-қимыл бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Тараптар орнықты даму мен өзара тиімді ынтымақтастық бойынша экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.