Астанада Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Астанада ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен жиында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, сондай-ақ құмар ойындарымен күреске бағытталған кешенді шаралар талқыланды. Бұл жоспарларға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары есеп берді. Мемлекеттік кеңесші жұмыс сапалы жүзеге асуы үшін жоспарларды орындауда әділ әрі толық талдау жүргізу қажеттегіне баса мән берді. Сондай-ақ Қазақстан жастарының еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетін арттыруға назар аударылды. Жалпы отырыс нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленіп, Кеңесте айтылған мәселелерге қатысты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.