Батыс аймақтары бірыңғай электр энергетика жүйесіне қосылады
2028 жылдың соңына дейін Батыс аймақтың электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылады.
Ол үшін Ақтөбе және Атырау облыстарын жалғайтын ұзындығы 604 шақырым болатын 500 кВ электр желісі салынады. Бұл Батыс аймақтың маневрлі газ энергия көздерін пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2025 жылы кіріседі. Сондай-ақ, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы байланысты одан әрі күшейту, транзиттік әлеуетті арттыру үшін кернеуі +/-500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток желілерін салу жоспарда бар.