Жылу-энергетика саласын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан, Қызылорда және Ұлытау облысы мен Алматыда бу-газ қондырғыларының төрт ірі жобасы бойынша құрылыс басталды.

Жаңа нысандардың қуаттылығы 1,8 гигаватт. Олардың аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 2024 жылдың тамызында Қазақстанда жалпы қуаты 700 МегаВатт болатын кезекті аукциондық сауда-саттық өтті. Оның қорытындысы бойынша Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында бу-газ қондырғыларын сату құқығына төрт жеңімпаз анықталды. Қазіргі уақытта аяқтау мерзімі 2028 жылға жоспарланған жобаларды іске асыруға кірісті. 2029 жылға дейін күтілетін инвестиция көлемі 8 трлн теңгеден астам соманы құрайды.