Елде қаңтар-қарашада 16,7 млн тонна мұнай өңделді
Қаңтар-қарашада Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделді. Бұл жоспардың 102%-ын құрайды.
Ал жыл соңына дейін бас-аяғы 17,9 млн тонна қара алтын өнделеді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады. Елде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау тапты, бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуінде стратегиялық маңызы бар екенін көрсетеді.