Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі меморандумға қол қойды
Жоғары Сот Кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігінің арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Тараптар, судьялар лауазымына үміткер азаматтарды іріктеу кезінде ашықтық пен заңдылықты күшейтуге ниетті. Бұл Жоғары Сот Кеңесіне судьялыққа үміткер кандидаттардың өтінімдерін тиімді және бейтарап қарауды қамтамасыз етуге және одан әрі құқықтық және этикалық тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Дмитрий Малахов, ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы:
- Меморандумның мақсаты - арадағы ынтымақтастықты нығайту және сот лауазымдарына үміткерлерді іріктеуді жүйелі үйлестіру. Бұл мақсатқа жету үшін екі ведомствоның белсенді және тығыз жұмыс істеуі маңызды. Мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық сот жүйесіне тек адал әрі әділ судьялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.