Елде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді

Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді. Мұны Ғылым және жоғары білім министрлігі дайындауы қажет.

Үкімет отырысында Премьер-министр, жасанды интеллектіні дамытудың 2029-шы жылға дейінгі тұжырымдарамасын іске асыру және тиісті заң аясында цифрлық трансформациялау мен арнайы шешімдерді енгізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Олжас Бектенов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, қолданыстағы цифрландыруды одан әрі жетілдіру мен оларды пайдалану туралы жұртшылықты ақпараттандыру міндетін қойды. Бұдан бөлек ведомствоға, өңір әкімдерімен бірлесіп, келер жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жасанды интеллект құралдарына оқыту шараларын қабылдауды тапсырды.