Сенаторлар марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтаудағы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқан марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.

Жапа шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ сенаторлар оқиғаны білікті мамандар тергеп жатқанын атап өтті. Елімізге Embraer әуе кемесінің өндірушілері мен Бразилиялық тергеу және авиациялық апаттың алдын алу орталығының өкілдері де келе жатыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Төтенше жағдайға байланысты Президентіміз Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Соған сәйкес мемлекеттік органдар дереу іске кірісіп, құтқару операциясы аясында қажетті шаралар қабылданды. Дер кезінде қолға алынған осындай жұмыстар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Дәл қазіргі сәтте арнайы комиссия құрылды. Ол бойынша, білесіздер, Қазақстан тарапынан біздің вице-премьер Бозымбаев мырза бастамашылық етіп, дәл сол жерде жүр барлығы. Өкілетті органдардың барлығы бар. Тіпті, бразилиялық компанияның өкілі біздің мемлекетімізге келе жатыр. Яғни олардың барлығы осы тергеу жұмыстарына ат салысатын болады. Ол жерде нақты эксперттеріміз бар. Мықты-мықты азаматтарымыз бар. Сол азаматтар қазіргі кезде қорытынды жұмыстарын жүргізетін болады. Ол жұмыстар бітпей, ана бір теория, мына теорияны айтудың менің ойымша, қажеті жоқ сияқты.