Әзербайжан премьер-министрі Бакудегі Қазақстан Елшілігіне барды

Әзербайжан премьер-министрі Бакудегі Қазақстан Елшілігіне барды

Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Әли Асадов Қазақстанның Бакуде орналасқан Елшілігіне барып, ұшақ апатына байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бауырлас елдің үкімет басшысы: «Елдеріміз үшін осы ауыр және қайғылы сәтте Үкіметтің жедел реакциясын, Қазақстанның әртүрлі мемлекеттік органдарының жылдам және жан-жақты қолдауын, бауырлас Қазақстан халқының жанашырлығын жоғары бағалаймын және үлкен алғысымды білдіремін. Әзербайжан Үкіметі де өз кезегінде бұл оқиғаның салдарын жою үшін барлық күш-жігерін жұмылдырды және бұдан былай да жан-жақты қолдау көрсететін болады» деп  естелік қалдырды. Ал Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелдің айтуынша, бұл жағдай Қазақстан мен Әзербайжанның сөзбен емес, іс жүзінде одақтас екенін көрсетті. Ынтымақтастықтың мұндай жоғары деңгейі бауырлас елдердің өзара сенімін арттырады,- деді елші.