Сенаторлар ядролық физика институтына барды

Сенат депутаттары Алматыдағы ядролық физика институтының жұмысымен танысты.

Жарты ғарсылық тарихы бар мекемеде 700 адам жұмыс істейді. Оның 200-ден астамы ядролық физика саласында ғылыми дәрежесі бар, тәжірибелі маман. Институттағы көптеген ғылыми зерттеудің қозғаушы күші – шағын реактор. Соның арқасында үш ғылыми орталық пен 27 түрлі лаборатория жұмыс істеп отыр. Институт ғалымдары бүгінде қатерлі ісікті емдеуге арналған препараттан бастап, бірнеше дерт түірне шипа дәрі-дәрмек өндіріп отыр.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ең бірінші бізге керегі не? Адами капитал, оның денсаулығы. Бұл жерде денсаулық саласына көптеген препараттар шығаруға жағдайлары бар. Соған көмектесуіміз керек. Бүгінгі күні бізде әртүрлі салалық министрліктер бар, солармен жұмыс жасауымыз керек. Солар арқылы мына медицинаны одан әрі дамытуға біздің жағдайларымыз бар.