Теңіз көлігі және Ақтау порты: контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды
Теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды.
Бұл порттың өткізу, жеткізу қабілетін жылына 240 мың жиырма футтық эквивалентке дейін арттырады. Қазақстанның халықаралық логистикадағы орны нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемі ұлғаяды. Бұл сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.