Сенатор Нұртөре Жүсіп Азаматтық авиация академиясын дамыту мәселесін көтерді
Елдегі Азаматтық авиация академиясы заманға сай дамудан артта қалып барады. Сенатор Нұртөре Жүсіп өзекті проблемаларды көтеріп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.
Айтуынша, сапалы кадр даярлау үшін Академияға мамандандырылған жабдықтары бар жеке аэродром салу қажет. Оқу-зертханалық базаны жаңартып, заманауи жаттығу құралдарымен жабдықтау маңызды. Ол үшін нысаналы қаржыландыру нормасын енгізуді ұсынылды. Сенатор сондай-ақ, саладағы бірқатар түйткілге назар аударды. Айтуынша, жаңа ұшақтарды сатып алу, техникалық қызмет көрсету сапасын арттыру, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық авиациялық ұйымдарының стандарттарын енгізу жұмысында сылбырлық бар. Кей өңірлердің әуежайларында инфрақұрылымның әлсіздігі, жанармай бағасы мен ұшақ билетінің қымбаттығы сияқты мәселе жетіп артылады. Елімізде және шет елдерде болып жатқан ұшақ апаттары бізді де ойландырмай қоймайды, - деп түйді сенатор.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Әлемде де, біздің елде де апаттар жиілеп кетті ғой. соған орай біздің ұгшақтарды басқаратын мықты білікті мамандаврды даярлау мәселесі өткір тұр. осыны үкімет басшынысың назарына ұсындым өйткен бұл жерде қаржыландыруға қатысты біраз мәселе бар.сол арқылы сол академияының базасында әуе айлағын салу мәселесі. 02-19 беспилотники деген пайда болды ғой ұшу құралдары бұларды басқаратын адамдар керек. олрға қызмт ететін азаматтар керек. олар қазір ауыл шаруашылығында жедел қарқаын алып келе жатыр.