Мемлекет басшысы Әділет министрін тағайындады

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрін тағайындады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.