Үкімет басшысы жаңа Әділет министрін таныстырды

Жаңа тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсенбаевты Үкімет басшысы ведомстваның ұжымына таныстырып, елдің құқықтық жүйесін нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу бағытында бірқатар міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды 24kz.

Олжас Бектенов Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі Үкіметтің жұмысы тұрақты әрі сапалы заңнамалық сүйемелдеуді талап ететініне тоқталды. Сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын одан әрі арттыруды қамтамасыз ету, нотариат және адвокатура институттарын жетілдіру қажеттігін айтты. Халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді. Ал, бұрынғы министр Азамат Есқараевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, ары қарайғы кәсіби қызметінде табыс тіледі.