Мемлекет басшысы Нигерия Президентімен кездесті

«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Мемлекет басшысы Нигерия Федеративті Республикасының Президентімен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған, және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді. Өз кезегінде Бола Ахмет Тинубу екі жақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады. Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.