Президент Марракеш шартын ратификациялау туралы заңға қол қойды

Президент Марракеш шартын ратификациялау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш шартын ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысы «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.