Үкімет Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша жиын өткізді

Батыл шешімдер қабылдайтын кез келді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент жүктеген жаңа міндет-межелерді орындау бойынша кеңесте осылай деді.

Оның сөзінше, мемлекеттік органдардың жұмысын бюрократия мен формализм алға бастырмай отыр. Сондықтан ескі механизмдерден арылып, жаңа көзқарас қалыптастыру керек. Премьер-министр жиылғандарға алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын айтты. Президент жүктеген басты міндет – бұқараның тұрмыс-жағдайын жақсарту. Экономиканың барлық саласында өсімді қамтамасыз ету. Соның ішінде кәсіпкерліктің адымын аштырмай тұрған кедергілерді жойып, инвестор тарту мәселесін оңтайландыру.