Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері жүздесті
Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері кездесіп, келіссөз жүргізді, деп хабарлайды 24KZ. Олжас Бектенов пен Адылбек Қасымалиев қазақ-қырғыз қатынасына қарқын беру жайын талқылады.
Сонлай-ақ қолжеткен ортақ жабаларға тоқталды. Өткен жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі артып, 1,6 млрд долларға жетті. Алда алыс-беріс артады. Қазақстан жалпы құны 203 млн долларды құрайтын 175 түрлі өнімді экспорттауға ниетті. Олардың қатарында мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылып жатыр. 2024 жылдың 11 айында саладағы тауар айналымы 5,5%-ке өсіп, 313,6 млн долларға жетті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Елдеріміздің көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалог қазақ-қырғыз әріптестігінің бүкіл спектрі бойынша жоғары динамиканы қамтамасыз етіп отыр. Елдеріміз арасында өзара сауда экономикалық байланыстар орнықты дамып келеді. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойдық. Үкіметтер осы міндетті іске асыру бағытында жұмысты жалғастырып жатыр.