Орталық сайлау комиссиясының төрағасы студенттермен кездесті
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров студенттермен кездесті.
Жиынға елорданың 500-ден астам жас сайлаушысы мен жастар ұйымдарының жетекшілері, студенттер мен сайлау комиссиясының өкілдері қатысты. Шара жастар арасында құқықтық сананы жетілдіруге және электоралды, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Сондай-ақ дауыс беру процесіне жауапкершілікпен қарап, сайлау институтына сенімді арттыру көзделген.
Аружан Бахитова, ЕҰУ магистранты:
- Еліміздің сайлау жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. 2023 жылдан бері ауылдағы әкімдер, облыс әкімдерін халық өзі таңдады. Менің ойымша, сайлау жүйесіндегі реформалар бұл демократиялық институттарды нығайтуға және сайлау жүйесіне деген сенімділікті арттыра түсетін маңызды қадам.