Елордада функционалды көпсайыс жеңімпаздары анықталды
Елордада функционалды көпсайыс бойынша ел біріншілігі аяқталды.
Додаға 100-ден астам атлет қатысты. Дайындығы мен тәжірибесіне қарай спортшылар бірнеше санатқа бөлінген. Мәселен, кроссфиттің базалық жаттығуларымен айналысатындар "скайт" санатында өнер көрсетеді. Тағы "Интермидиат" және биыл енгізілген "Мастерс" деңгейі бар. Онда тәжірибелі спортшылар бақ сынайды. Әр санат бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлдемен марапатталды. Солардың бірі Тараз қаласының өкілі Досжан Жанатбек. Кроссфитпен айналысып жүргеніне жеті ай болса да ол кәсіби спортшылармен тең өнер көрсетті.
Досжан Жанатбек, жеңімпаз:
- Бұл жарыста бізде алты жаттығу болды. Алты қоссайыс. Сол сайыстардың барлығынан бір жеңімпаз болады негізі. Бірақ бүгінгі болған соңғы сайыста өз категориямда мен жеңіп отырмын.