Криштиану Роналду ең бай футболшы атанды

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду әлем тарихындағы алғашқы миллиардер футболшы атанды.

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша оның байлығы шамамен 1,5 млрд доллар. Спортшының негізгі табысы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен 2023 жылы жасалған келісімшарттан түседі. Жылдық жалақысы шамамен 200 млн доллар әрі оған салық төленбейді.

Бұдан бөлек, ол әлемдік спорт және сән брендтерімен жасалған жарнамалық келісімшарттардан да қомақты табыс табады. Роналду «Алтын доптың» 5 мәрте иегері және Португалия құрамасы тарихындағы ең үздік шабуылшы. Былтыр ол 275 млн доллар табыс тауып, Forbes нұсқасы бойынша әлемде жалақысы ең жоғары спортшы атанды.