Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының финалына шықты

Фото: olympic.kz

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Берульцева 68 келіден жоғары салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Ұлыбритания өкілі Рошель Уолтерсты жеңді.

Отандасымыз шешуші бәсекеде германиялық Йоханна Кнерпен кездеседі. Ал қола медаль үшін Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) сынға түседі.