Олимпиада алауы Кортина-д’Ампеццоға жетті

Олимпиада алауы бүгін Италияның Кортина-д’Ампеццо қаласына жеткізіледі. 70 жыл бұрын дәл осы шаһарда қысқы Олимпиада ойындары өткен.

Салтанатты шеру 6 желтоқсанда Римде басталған. Алау 63 күнде 12 мың шақырымды еңсеріп, жүздеген қаланы аралап шығуы тиіс. Ал 6 ақпанда Миландағы «Сан-Сиро» стадионында Ақ Олимпиаданың алауы жағылады.