Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Елена Рыбакинаның келесі қандай жарысқа қатысатыны белгілі болды. Ол 15-28 ақпан аралығында Дубайдағы халықаралық сайыста бақ сынайды.

Бұл оның Australian open турнирінен кейінгі ресми бәсекесі болмақ. Онда әлемдік рейтингттің алғашқы жиырмалығында тұрған теннисшілер түгел қатысады.

Рахмонов рейтингтен шығып қалды

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінен шығып қалды. Отандасымыз жартылай орта салмақтағы жаңартылған ресми рейтингте үздіктер қатарынан көрінген жоқ. Ұйым мәліметінше, бұл шешім оның жақында алған жарақатына байланысты қабылданған. Яғни оң аяғына жасатқан отасына байланысты 9-10 ай октагонға шыға алмайды. Ол спорттық мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында ирландиялық Иен Гэрриге қарсы өнер көрсетті.

2 күннен кейін қысқы ойындар басталады

2 күннен кейін Италияда 25-ші қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді. Оған әлемнің 95 елінен 3 жарым мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Төрт жылдықтың басты додасында 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Онда ел атынан 36 спортшы өнер көрсетеді. Осы орайда отандық сарапшылар олимпиадашылардан сенсация күтеміз дейді. Әсіресе фристайл-могул шебері Юлия Галышева мен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоровқа және шорт-трекшілерге зор сенім артылып отыр.       

Аслан Қаженов, сарапшы:

- Олимпиадаға дейінгі әлем чемпионаттары, әлем кубоктары, рейтингілік жарыстардың нәтижесіне қарасақ қазақстандық спортшыларды тәуір көрсеткіші 5 кіреді. Сондықтан мен осы олимпиададан күтпеген жетістік, тарихи жетістік жас спортшылар жарып шығады дегенге үміт бар.

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа лауазымға тағайындалды. Енді ол Спорт және турзим министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып қызмет атқарады. Олимпиада чемпионы алдағы 20-шы жазғы Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабқа жетекшілік етеді. Ведомство бұл тағайындауды кадрлардың жоспарлы ротациясымен түсіндірді. Айта кетейік, ол осыған дейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып, орынбасарымен жанжалдасқан еді. Артынша екеуі де өз еркімен лауазымдарынан бас тартқан болатын.