Олимпиада: әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан Қазақстан спортшыларының нәтижесі

Бүгін қысқы Олимпиаданың алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. 

Әйелдер арасында шаңғы жарысынан 10 шақырымдық скиатлон бағдарламасында швециялық Фрида Карлссон топ жарды. Оның отандасы Эбба Андерссон күміс медаль тақты. Үштікті норвегиялық Хейди Венг түйіндеді. Қазақстандық шаңғышылар Ксения Шалыгина мәреге 53-ші болып жетсе, Надежда Степашкина 60-сатыға жайғасты. Бүгін жарыс жолына барлығы 70 атлет шықты.