Михаил Шайдоров бағдарламасында қандай элементтерді орындады?

Отандасымыздың тарихи жеңісін New York Times басылымы да жарыса жазып, бейне безендірумен түсіндірген.

Байқап тұрғандарыңыздай, Михаил алдымен үштік аксель–ойлер–төрттік сальхов каскадын сәтті жүзеге асырды. Бұл сирек кездесетін, орындалуы аса күрделі элементтердің бірі, себебі ауыр үштік аксельден кейін бірден төрттік сальховты жалғау үлкен шеберлік пен мінсіз үйлесімді талап етеді.

Сонымен қатар төрттік лутц, төрт айналымды тулуп, төрттік флип және төрт айналымды тулуп–үштік тулуп секірісі каскадта орындалды. Бағдарламада екі бірдей үштік аксель де болды. Бұған қоса, үштік лутц–қос аксель секвенциясы композицияның техникалық мазмұнын байыта түсті.