Олимпиада: шорт-трекші Тихонова жарыс жолынан шығып қалды
Олимпиада ойындарында шорт-тректен ел намысын қорғаған отандасымыз Ольга Тихонова жарыс жолынан шығып қалды.
Ол 1000 метр қашықтықта сынға түскен еді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 1:31.771 уақыт көрсеткішін тіркеп, өз тобында төртінші орынға тұрақтады. Осылайша ол ширек финалға өте алмады.