Паралимпиада: ел қоржынында 3 жүлде бар
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін 14-ші қысқы Паралимпиада ойындарының ашылуына санаулы күндер ғана қалды.
Төрткүл дүние көз тіккен төрт жылда бір өтетін байрақты бәсеке 6-16 наурыз аралығында ұйымдастырылады. Оған әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Осы ретте еске сала кетейік. Қысқы Паралимпиада ойындарында алғаш рет қазақстандықтар 1994 жылы Норвегиялық Лиллехаммерде өнер көрсетті. Дебюттік ойындар ел құрамасы үшін сәтті өтті. Шаңғышы Любовь Воробьева 10 шақырымдық классикалық стильдегі шаңғы жарысында күміс медаль жеңіп алды. Содан бері ұлттық құрама жеті Паралимпиадаға қатысты. Нагано, Солт-Лейк-Сити, Турин және Ванкувердегі ойындар тәжірибе жинауға мол мүмкіндік берді. Тарихи серпіліс 2018 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында болды. Оңтүстік Кореяда Александр Колядин ел тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алды. Ал Бейжіңде 2022 жылы Александр Герлиц қола жүлде еншіледі.
1994 жыл, Лиллехаммер – Любовь Воробьева, күміс
2018 жыл, Пхенчхан – Александр Колядин, алтын
2022 жыл, Бейжің – Александр Герлиц, қола