Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Ол жаһандық рейтингте польшалық Ига Швентёкті артқа тастап, 3-ші орыннан 2-ші орынға көтерілді. Қоржынында 7523 ұпай бар.

Әзірге Беларусь спортшысы Арина Соболенко әйелдер арасында көш бастап тұр. Сондай-ақ Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда әлемдік рейтингте 5-ші орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп 2:0. Қос сет қорытындысы бойынша жерлесіміз 6:1, 7:6 есебімен басым түсті. Енді Елена жартылай финалда әлемнің 9-шы ракеткасы саналатын украиналық Элина Свитолинамен ойнайды. Айта кетейік, ол алғашқы іріктеу айналымдарында америкалық, украиналық және ұлыбртитаниялық теннисшілерді жарыс жолынан шығарған еді.