Қазақстандық алты биатлоншы Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады
Осло қаласында биатлоннан Әлем кубогының маусымдағы соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды 24KZ, Olimpic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады. Ел намысын алты биатлоншы қорғайды: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева.
Ослодағы кезең 19-22 наурыз аралығында өтеді. Алғашқы жарыс – әйелдер спринті. Ол Астана уақытымен 20:15-те басталады.