Қостанайда грек-рим күресінен турнир өтті

Қостанайда грек-рим күресінен Кеңес Одағының батыры Сейітхан Темірбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. 

Сайысқа елдің әр өңірінен келген 14 пен 16 жас аралығындағы 300-ге тарта спортшы қатысты. Жалпы Тобыл өңірі тұрғындарының 45 пайызы спортпен шұғылданады. Бұл – 365 мыңнан аса адам. Соның 18 мыңы – спорт мектептеріндегі үйірмелерге қатысатын жасөсіпірімдер. Балалар көбіне ұлттық спорт пен жекпе-жек түрлерін таңдайды. Футбол, шайбалы хоккей, жеңіл атлетика, суда жүзу, шорт-трекке де қызығатындар көп. Мамандардың айтуынша, аймақтағы грек-рим күресінің балуандар да мықтылардың қатарынан көрініп жүр.

Марат Мұхамбетов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері:

- Бұл грек-рим  күресі Қостанай облысында өте дамыған. Қазір бізде көп бала қатысады, айналысады. Атақты палуандар бар шыққан. 17-23 жас аралығында Қазақстан чемпионаты өтті. Біз сол чемпионатта командалық есепте бірінші орын алдық.