Әйгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды

Фото: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесті. Тартыстың жекпе-жектің қорытындысы бойынша Әйгерім Сәттібаева 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті. Ал 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында шаршы алаңға шыққан Ұлжан Сәрсенбек Таиланд өкілі Пунрауре Руенросқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.