Бокстан Азия чемпионаты. Live

Қазақ қыздары финалдық айқасқа тас-түйін дайын. Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Ертең үш боксшымыз алтынға таласады. 

Надежда Рябец, Ұлттық құрама мүшесі:

- Мен Азия чемпионатына алғаш рет қатысып тұрмын. Финалдағы қарсыласыммен бұрын кездеспедім. Бірақ сырттай білемін. Жеңіске жету үшін барымды саламын. Елімізге үш алтын әкелуге тырысамыз.