Болашақ ойындары: еріктілерді іріктеу басталды
Жазға салым бас қалада өтетін болашақ ойындарына еріктілерді іріктеу басталды. Бүгін жеңіл атлетика кешенінде үміткерлерге қатысу форматы, функционалдық бағыттар және негізгі қойылатын талаптар таныстырылды.
Ұйымдастырушылар 30 маусымға дейін мыңнан аса еріктіні таңдап алмақ. Ал болашақ ойындары 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Турнир екі апта бойы 8 дисциплина бойынша ұйымдастырылады.