Ардагерлер волейболдан бақ сынасты
Елордада Ардагерлер волейбол федерациясы президентінің кубогы сарапқа салынды. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 37 команда қатысты.
Сегізінші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі жарыс төрт санат бойынша өтті. Биылғы турнирде әуесқой спортшылар көп болғандықтан, ойындар төрт түрлі алаңда қатар өтті. 10 сәуірде басталған турнир 2 күнге жалғасады. Туризм және спорт министрлігі, қалалық спорт басқармасы мұрындық болған доданың мақсаты - тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Ерсайын Ақылбаев, жарысқа қатысушы:
- Былтыр Жамбыл облысы Меркі ауданының құрама командасы бірінші орын алғанбыз. Қазір финалға шықтық. Ақтық сайыста Ақтөбе облысымен кездесеміз. Ойын өте тартысты өтіп жатыр.
Әсет Әділхан, «Ардагерлер волейбол федерациясы» РҚБ президенті:
- Бұқаралық спортты дамыту біздің президенттің алға қойған алдыңғы шарты. Сол себепті бүгінгі ойындар өтіп жатыр. Осы ойынды жақсы өткізіп, барлық ойыншылар жанкүйерлер осыдан жақсы әсер алады деп мен сенемін.