Алматыда ТМД елдерінің әскерилері арасында самбо және қазақ күресінен чемпионат өтіп жатыр
Алматыда ТМД елдерінің әскерилері арасында самбо және қазақ күресінен екінші чемпионат өтіп жатыр.
Жарыс екі күн бойы Орталық армия спорт клубының базасында өтеді. Бүгін кілемге самбошылар шықты, ал ертең қазақ күресінен белдесулер басталады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей елдерінен келген ең мықты спортшылар қатысуда. Мұндай жарыстар әскери қызметшілер арасындағы спорттық байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және ұлттық күрес түрлерін насихаттауға ықпал етеді, - дейді ұйымдастырушылар
Қаныш Әбубәкіров, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:
- Спартакиада ТМД арасында біздің Жоғарғы Бас Қолбасшымыз президенттің қойған тапсырмасы. Ұлттық біздің спорт түрлерін көтеру. Сол мақсатта біз әскери қазақ күресін осы 3 жылдан асты көтеріп келе жатқанымызға. Қазақ күресі мына жалпы әскерлердің де бағдарламасына қосылып жатыр.