Қазақстандық спортшылар жүлдемен оралды

Қазақстандық спортшылар әртістік жүзуден World Aquatics аясында әлем кубогында нәтижелі өнер көрсетті. 

Биылғы турнирге 21 елден 150 спортшы қатысты. Ел намысын қорғаған атлеттер медаль саны бойынша үздік бестікке енді. Құрама сапындағы Виктор Друзин жеке бағдарламада бірден екі қоланы еншіледі. Аралас дуэт сайысында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова екінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ ел қоржынын Артур Майданов пен Айғаным Сайым жұбы қола медальмен толықтырды. Енді спортшылар World Aquatics турнирінің 4-ші кезеңіне дайындалады.

Дмитрий Баландин, «Qazaq Aquatics» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы:

- Алда спортшыларды екі кезең күтіп тұр. Бұл – Испаниядағы қорытынды төртінші кезең және Канададағы суперфинал. Онда, олар ең жоғары орындар үшін бақ сынайтын болады. Меніңше, спортшыларымыз әлі талай рет жеңіс тұғырынан көрініп, өз нәтижелерімен бізді қуанта береді.