Рыбакина Римдегі турнирде әлемнің экс-бірінші ракеткасын ойсырата жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Елена Рыбакина 1/8 финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкованы (WTA рейтингінде 130-орын) айқын басымдықпен жеңді — 6:0, 6:2.
Қазақстандық теннисші матч барысында салқынқанды ойын көрсетіп, дәл соққыларымен қарсыласына мүмкіндік қалдырмады.
Кездесу Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды.