80 жастағы астаналық марафоншы Кейптаунды бағындырды
Елордалық ардагер спортшы Салтанат Түйтебаев Кейптаун халықаралық марфонына қатысып, 42,2 шақырымды сәтті еңсерді, деп хабарлайды «24KZ».
Халықаралық жарыс Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында ардагерлер арасында өткен. Қазақстандық ардагер спортшы жарыста алған жарақатына қарамастан марафонды бағындырды.
«11-ші шақырымға жеткенде жарақат алдым. Марафонды жалғастыру мүмкін болмастай көрінді. Екі рет медициналық көмек алғаннан кейін, дәрігерлер жарысты тоқтару туралы айтқанына қарамастан, мен жарысты аяқтауды шештім. Мен соңғы болдым, бірақ мен оны орындадым. Өкінішке орай, солай болып шықты. Келесі жылы Жапонияда өтетін ардагерлер Олимпиадасында, жеңістің орнынын толтырамын», деді марафоншы.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Салтанат Түйтебаев 80–89 жас санатында Нью-Йорк марафонының чемпионы атанып, қашықтықты 4 сағат 45 минутта жүгіріп өткен болатын. Бұған дейін, 2021 жылы ол 75–79 жас санатында күміс жүлдеге ие болған.